Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында әкесінің көлігін айдап кеткен бала апатқа ұшырады

Опубликовано:

Көлікте отырған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында бала әкеінің көлігін айдап кеткен. Артынша жол көлік апатына ұрынған деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің патрульдік полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде "ВАЗ-21214" маркалы автокөлігін жасы кәмелетке толмаған жүргізуші басқарып келе жатқанын байқайды.

Көлікті тоқтатып, мән-жайды анықтамақшы болғанда автокөлік бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамастан, қарсы бағыттағы көліктерді басып озып, оқиға орнынан бой тасалаған.

"Жол ережесін бұзған автокөлікке полицейлер "автокөлікті тоқтат" деген ескерту берген. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінен қашып, автокөлікті қатты жылдамдықпен басқарған күйде темір қоршауға соқтығысып, жол көлік оқиғасы болған.

Нәтижесінде автокөлікті басқарған жасы кәмелетке толмаған бала әр түрлі жеңіл дәрежелі дене жарақаттарымен Қазығұрт ауруханасына жеткізілді", – делінген Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары оқиғаны толыққанды тексеру барысында бала басқарған "ВАЗ-21214" маркалы автокөлік Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің біріне тиесілі екенін анықтады.

Оны жасөспірімнің әкесі басқарып жүрген. Ол автокөлікті жұмыс орнындағы автотұраққа қойған. Алайда ұлы көлікті рұқсатсыз, заңсыз айдап кеткені белгілі болды.

Бүгінгі таңда қылмыстық кодекстің 200-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Автокөлік автотұраққа қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945329-turkistan-oblysynda-akesinin-koligin-aidap-ketken-bala-apatqa-uryndy/

pixel