Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жол үстінде жаппай төбелес болды (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: lada.kz

Ақтауда дәл жол бойында жаппай төбелес болды. Аймақтық БАҚ оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялап жатыр.

Төбелестің видеосы 4 желтоқсанға қараған түні 27-шағын аудандағы Abdi дүкенінің алдында түсірілген, оқиға орнынан түсірілген кадрларды Lada.kz жариялады.

Онда жол үстінде бірнеше жігіттер мен қыздардың төбелесіп жатқанын көруге болады. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келген.

Басылым облыстың ішкі істер департаментінен түсініктеме күтуде.

Zakon.kz хабарлағандай, кикілжің мекемеде бірнеше рет қатарынан тапсырыс берілген музыкалық шығармаға байланысты болған. Төбелеске қатысушылардың бірі өзінің бір топ жолдастарының осы әрекетін баяндады.

Бұл әрекет өз кезегінде көрші үстелде отырған бір топ жігітке ұнамаған. Ғимарат ішінде төбелес шығып, көшеде жалғасқан көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945342-aqtauda-zol-ustinde-zappai-tobeles-boldy-video/

pixel