Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мас жүргізуші қызды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбеде ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі 24 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 6 желтоқсан күні болды. Мәншүк Мәметова көшесінің бойымен келе жатқан көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан жергілікті тұрғынды қағып кеткен.

Осыдан кейін 32 жастағы жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда көп ұзамай ол қолға түсті.

"Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті алкогольді сусын тұтынып, масаң күйде басқарған. Оқиға салдарынан зардап шегуші Ақтөбе қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945765-aqtobede-mas-zurgizusi-qyzdy-qagyp-ketip-oqiga-ornynan-qasyp-ketken/

pixel