Оралда жаппай төбелескендердің видеосы желіде тарады (видео)

Опубликовано:

Орал
Көрнекі фото: NUR.KZ

Оралда кафеге келген қонақтардың арасындағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

"Кафеде жанжалдасып қалған қонақтар ғимарат ауласында төбелескен. Олардың біреуі аңшы мылтығымен оқ атқан. Текетіреске қатысушылар тәртіп сақшылары келгенде, қашып үлгермеді. Барлығы да қолға түсті. Төбелестен қаза тапқандар жоқ. Кейбіреулері жеңіл дене жарақатын алды", - деді ведомство.

Полицейлер оқиғаның Астана шағын ауданында орналасқан "Алтын Дар "сауда үйінің жанында болғанын мәлімдеді.

Ведомствоның ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің айтуынша, төбелес болған жерде жеті адам (1979, 1985, 1989, 1991 және 1996 жылы туған) ұсталған.

"Төбелеске қатысушылар бұзақылық жасағаны үшін, оқ атқан азаматқа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылды, қалада оқ ату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қару тіркелді" делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945857-oralda-zappai-tobeleskenderdin-videosy-zelide-tarady-video/