Нұр-Сұлтанда жол бойындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

қала
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Нұр-Сұлтан полициясы түн ортасында жол бойында төбелескен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде бір топ адамның жол бойында жаға жыртысқан сәті түсірілген видео тарады. Автор оқиға Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесінде түнгі сағат үште болғанын жазған.

Бұған қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, 9 желтоқсанға қараған түні полицияға елордада төбелес болып жатқаны туралы хабар түскен.

"Оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, қоғамдық тәртіпті бұзғандар түнде бардан шыққан. Кейін төбелесіп қалған", - делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

с

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1946204-nur-sultanda-zol-boiyndagy-zappai-tobeles-videoga-tusip-qaldy/

jitsu gif