Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда вокзалында жолсерік тоққа түсіп көз жұмды

Опубликовано:

Пойыз
Көрнекі фото: baq.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы ескі вокзалда пойыз жолсерігі тоққа түсіп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-тармағына сәйкес (Еңбекті қорғау ережесінің сақмалмауынан, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, департаменттің мәліметінше, қазір уақытта төтенше оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптары бойынша тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды", - дейді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1946556-elorda-vokzalynda-zolserik-toqqa-tusip-koz-zumdy/

pixel