Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ауылдасының үйіне ұрлыққа түскен әйел ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

8 желтоқсанда Қарағанды облысы Нұра ауданының полиция бөліміне елдімекендердің бірінің 19 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Бойжеткен жұмыста болған кезде оның үйіне белгісіз біреу кіріп, мүлкін ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұры құлыпты бұзып, үйге кіріп, үш кілем, төсек-орын және киім-кешектерді алып кеткен. Ұрланған заттардың жалпы шығын көлемі 31 мың теңгені құрады. Полицейлер күдікті ретінде 47 жастағы әйелді анықтап, ұстады.

Ол ұрланған затты сатуды жоспарлағанын айтып, кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1946843-qaragandy-oblysynda-auyldasynyn-uiine-urlyqqa-tusken-aiel-ustaldy/

pixel