Атырау маңында төрт ит шабуыл жасаған оқушы жансақтау бөліміне түсті
Опубликовано:

Атырау маңында 13 жастағы мектеп оқушысына төрт ит шабуыл жасаған. Қазір зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Оқиға Дамба ауылында болған. Ол Атырау қалалық әкімшілігінің құрамына кіреді.
Дәрігерлердің мәліметінше, жасөспірім 13 желтоқсанда ауруханаға ауыр жағдайда түскен.
"Қыздың бетінде, қабақ аймағында, маңдайының сол жағында терең жарақаттар, екі иығында, білегінде, қолында, екі жамбасында және төменгі аяғында жарақаттар бар", - дейді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Зардап шеккен мектеп оқушысы қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Одан бөлек, ведомство биылғы 11 айда облыстық балалар ауруханасына жануарлар шабуыл жасаған 380 бала жүгінгенін атап өтті.
"Оның 152-де қаңғыбас иттер, 183-де үйдегі иттері, 15-де қаңғыбас мысықтар, 23-де үй мысықтары шабуыл жасаған", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1946925-atyrau-manynda-bir-top-it-sabuyl-zasagan-oqusy-zansaqtau-bolimine-tusti/