Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40-тан астам адам қаза тапты: Гаитиде автоцистерна жарылды

Опубликовано:

Жарылыс
Видеодан кадр: t.me/rian_ru

Гаитиде қалалардың біріндегі көшеде автоцистерна жарылып, салдарынан 40-тан астам адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды.

РИА Новостидің Le Nouvelliste басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 желтоқсанда Кап-Аитьен қаласында болған.

Билік өкілі Патрик Альмонор жанармай құйылған автоцистерна жол апатына ұшырағанын хабарлады. Жүргізуші мотоциклшімен соқтығысудан қашпақ болған көрінеді.

"Жергілікті тұрғындар жүк көлігінің маңына жиналған кезде жарылыс болған", - дейді шенеунік.

Салдарынан бірнеше адам жарақат алып, 40-тан астам адам көз жұмған. Зардап шеккендердің тым көп болуынан палатада орын жетіспей, науқастарды аурухана ауласына орналастыруға тура келген. Дәрігерлер дәрі-дәрмек пен жанармай тапшылығы туындағанын мәлімдеген.

Елде төтенше жағдайға байланысты үш күн қаралы күн деп жарияланды.

Айта кетейік, Гаитиде қарулы бандалар мұнай терминалдарын бірнеше айдан бері өз бақылауында ұстауда. Осының салдарынан елде жанармай тапшылығы байқалып, ірі және орта жеке компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік органдар зардап шеккен.

Сонымен қатар, көлеңкелі нарықтарда жанар-жағармай бағасы өсуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1946954-40-tan-astam-adam-qaza-tapty-gaitide-avtocisterna-zaryldy-video/

pixel