Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Оңтүстік Суданда кем дегенде 89 адам белгісіз дерттен қайтыс болды

Опубликовано:

Науқас пен дәрігер
Көрнекі фото: Global Look Press / Xiao Yijiu

Оңтүстік Суданда соңғы бірнеше аптада белгісіз аурудан кем дегенде 89 адам қайтыс болған.

ТАСС агенттігінің оңтүстік африкалық SABC радиостанциясына сілтеме жасап хабарлауынша, ауру ошағы - Джонглей аймағындағы Фангак штаты.

Адамдардың өліміне нақты қандай ауру себеп болғанын анықтау үшін оқиға орнына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары жіберілген.

Мамандардың мәліметінше, белгісіз аурудан кем дегенде 89 адам көз жұмған.

Алғашқы тексеріс барысында тырысқақ ауруы анықталмаған.

Сонымен қатар, басылым науқастардың көпшілігі 2021 жылы ірі су тасқыны болған аймақта тұратынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1946977-baq-ontustik-sudanda-kem-degende-89-adam-belgisiz-dertten-qaitys-boldy/

pixel