Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің күмбезі құлады: Жарақат алған әйел көз жұмды

Опубликовано:

Оқиға орны
Видеодан кадр: qumash_kz

Нұр-Сұлтанда екі ай бұрын металл конструкцияның құлауы салдарынан жарақат алған 56 жастағы әйелді дәрігерлер аман алып қала алмады. Зардап шеккен келіншек қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел 22 қазанда №2 қалалық көпсалалы ауруханаға түскен. Онда науқасты шұғыл түрде арнайы мамандар қарап, одан кейін жансақтау бөліміне ауыстырылған.

Әйелдің ашық бассүйек-ми жарақатын алғаны, миы ауыр дәрежеде жараланғаны анықталды. Сондай-ақ денесінде түрлі жарақаттар болған.  

"Миға кезең-кезеңімен операциялар жасалды, өкінішке қарай, оң нәтиже бермеді. Осы жылдың 14 желтоқсанында науқас есін жимастан қайтыс болды. Реанимациялық шаралар жасалғанына қарамастан науқасты аман алып қалу мүмкін болмады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 22 қазанда болды. Қатты желдің салдарынан Сығанақ көшесіндегі "Номад" тұрғын үй кешенінің шатырынан металл конструкция құлады. Салдарынан бір әйел зардап шекті – ол ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.  

Полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1947262-nur-sultanda-turgyn-uidin-kumbezi-qulady-zaraqat-algan-aiel-koz-zumdy/

jitsu gif