Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мұнайшылар мінген автобус апатқа ұшырады: қаза болғандар бар (фото)

Опубликовано:

жол апаты Ақтөбе
Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбе облысы Темір ауданының Покровка-Жаңажол бағытындағы тасжолда мұнайшылар мінген автобус пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға 17 желтоқсан күні сағат 18:45 шамасында болған. Мұнай компаниясына тиесілі "ПАЗ" маркалы автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі Жарқамыс ауылынан Ақтөбе қаласына бағыт алған.

жол апаты Ақтөбе
Фото: Ақтөбе облыстық ПД
"Жол-көлік оқиғасы Покровка-Жаңажол бағытындағы автожолының 13 шақырымында тіркелді. "ПАЗ" маркалы автокөлігі жылдамдықты төмендетпеген. Нәтижесінде жол бойында тұрған "КАМАЗ" көлігімен соқтығысты",- деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
жол апаты Ақтөбе
Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Жантүршігерлік апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмып, үшеуі Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жатқызылды.

Айта кетерлігі, мұнайшылар мінген автобуста 12 жолаушы болған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бөріхан Беркімбаев 15 жастағы оқушыны қағып өлтірген Toyota Land Cruiser Prado көлігін ұлының тізгіндегенін растағаны туралы хабарлаған едік.

Ол ұлын ақтамайтынын, заң бойынша жазаланатынын мәлімдеді. Қазір жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1947341-aqtobede-munaisylar-mingen-avtobus-apatqa-usarady-qaza-bolgandar-bar-foto/

pixel