Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жол апатынан 11 адам зардап шекті

Опубликовано:

Атырау облысы
Оқиға орнынан фото: Мой город

Атырау облысында жол апатынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жол көлік оқиғасы Доссор – Құлсары тас жолында, Доссор ауылынан 18 шақырым жерде тіркелді.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті 18 желтоқсан күні орын алған апат кезінде бір көліктен түтін шыққанын хабарлады.

Мой город басылымың мәліметінше, Volkswagen Sharan мен Ravon атомобильдері соқтығысқан.

"Оқиға орнына келген бойда көліктің жанбағаны анықталды. Медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері 11 зардап шегушіні Доссор ауылының ауруханасына жеткізді", - деді ведомство.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1947401-atyrau-oblysynda-zol-apatynan-11-adam-zardap-sekti/

pixel