Қызылордада жеті жасар бала бассейнде көз жұмды: Полиция тергеу амалдарын жүргізуде

Опубликовано:

бассейн
Көрнекі фото: Pexels.com

Қызылорда қаласындағы спорт кешендерінің бірінде жеті жасар бала бассейнге батып кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайғылы оқиға 14 желтоқсанда қаладағы спорт кешендерінің бірінде болған.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер) және 306-бабының 3-бөлігі (Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн қызметтер көрсету нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер) бойынща тіркелген.

Қазіргі таңда оқиғаға кінәлі адамды анықтау және іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық істі Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауына алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1947602-qyzylordada-zeti-zasar-bala-basseinde-koz-zumdy-policiya-tergeu-amalaryn-zurgizude/

jitsu gif