Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі жігіт интимдік қызмет көрсететін әйелді ұрып, тонап кеткен

Опубликовано:

Ұры
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда интимдік қызмет көрсететін әйелді тонап кеткен екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, жәбірленуші полицияға түнгі уақытта хабарласқан.

Айтуынша, екі бейтаныс адам жалдамалы пәтеріне клиент ретінде келіп, ұрып-соғып 100 мың теңге ақшасы мен ұялы телефонын алып, қашып кеткен.

"Күдіктілердің тұрғын үйге тонау мақсатында қасақана барғаны анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олар - 21 және 20 жастағы екі азамат. Екеуі де жұмыссыз. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, өйткені тергеу амалдары барысында күдіктілердің тек "жұмыста" пайдаланған ұялы телефоны тәркіленді.

Онда интимдік қызмет көрсететін ондаған әйелдің нөмірі болған", – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1947983-almatyda-eki-er-adam-intimdik-qyzmet-korsetetin-aielderdi-tonap-zurgen/

pixel