Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 көлік соқтығысқан: Алматы-Қорғас тас жолында ірі жол апаты болды (фото, видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орнында түсірілген видеодан кадр: Kris.p.almaty | Official

Алматы-Қорғас тас жолында 17 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды. Оқыс оқиғадан бес адам зардап шеккен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралуда. Кадрларда оннан астам көлік жол бойында "шашылып" жатқанын көруге болады.

Алапат апаттың куәгері жылдамдықпен келе жатып жолда тұрған көліктерді соғып жатқан жүргізушілерді тоқтатуға тырысады.

"Тоқта, тоқта! Мына жақта қорқынышты. Жаппай апат. Абайлаңыз, көліктер бірінен соң бірі соғып жатыр", - дейді видео авторы.

Алматы облысының полиция департаменті бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында Алматы-Қорғас тас жолының 134 шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлады.

"Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 17 көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жолда тым қою тұман. 84-тен 134-ші шақырымға дейінгі учаске жабылды. Оқиға орнында патрульдік полиция жұмысын жалғастыруда.
Жол апатынан бес адам зардап шекті. Олар медициналық тексеруден өту үшін Шелек ауылындағы ауруханаға жеткізілді ", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полицейлер жүргізушілерден көлік жүргізу кезінде барынша мұқият болуды, жылдамдықты сақтауды сұрады.

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1948514-17-kolik-sogysqan-almaty-qorgas-tas-zolynda-iri-zol-apaty-boldy-foto-video/

pixel