Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

TikTok арқылы танылған қарағандылық жүргізуші жол апатына түсті (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодан кадр: instagram.com/in_da_krg

Қарағандыда екі автобустың қатысуымен жол апаты болды. Қоғамдық көліктердің бірін автобустың төбесіне шығып, TikTok-тағы биді билеп танылған Айдос Аринов басқарған. Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Қарағандыда екі автобустың соқтығысқаны туралы видео тарап жатыр.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 26 желтоқсанда сағат 16:40-та Гапеев көшесінде болған.

"Алдын ала деректер бойынша Shaolin автобусының жүргізушісі бұрыла берісте Yutong маркалы автобуспен (Аринов басқарған автобус - ред.) соқтығысуға жол берген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік құралдарына механикалық зақым келген. Shaolin автобусының 14 жастағы жолаушысы медициналық көмекке жүгінді. Жол-көлік оқиғасы фактісін полиция тіркеуге алып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады", - дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатына қатысты Айдос Аринов та пікір білдірді. Ол жол апатына кінәлі емес екенін айтады.

"Мен соңғы аялдамада жолушыларды түсірдім. Ал ол жолаушыларды әкелді, бірақ қарсы беттегі аялдамада тұрған жолаушыларды менен бұрын мінгізіп алу үшін автобустан түсірмей, бұрыла бастады. Міне нәтижесі", - дейді жүргізушісі өзінің Instagram парақшасындағы Stories-те.

Дегенмен, желі қолданушыларының арасында Айдос Ариновтың блогерлік қызметін сынағандар да табылды. Олар рөлде болған кезде әсіресе жолаушылар тасымалдаған кезде телефон қолдануға болмайтынын жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1948613-tiktok-arqyly-tanylgan-qaragandylyq-zurgizusi-zol-apatyna-tusti-video/

pixel