Дүкенде қылмыскерге оқ атқан полицейлер 14 жастағы қызды жаралады

Опубликовано:

АҚШ полицей
Көрнекі фото: uainfo.org

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында полицейлер киім дүкеніндегі қылмыскерге тапаншадан оқ атып, киім ауыстыру бөлмесінде тұрған 14 жастағы қызды жаралады, деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылым дерегінше, қайғылы оқиға болған күні полицияға сауда нүктесінен хабарлама түскен. Қылмыс орнына жеткен полицейлер күдіктіні анықтап, оған оқ атқан.

Ер адам сол мезетте қаза тапқанымен, атыс қаруының оғы оған тимеген болып шықты. Оның денесінің жанында тек велосипедтің ауыр құлпы жатқан.

Сауда нүктесін тексерген құқыққорғаушылар киім ауыстыру бөлмесіндегі жырықты байқайды. Оның ішінде туған күніне көйлек таңдамақ болған 14 жастағы қыз жатқан. Оған полицейлердің бірінің оғы тиіп кеткен.

Штаттың полиция бастығы төтенше жағдайға байланысты тыңғылықты тексеру жүретінін хабарлады. Ол бейнебақылау камераларына таспаланған видеолар да зерттелетінін айтты.

Штат заңы қарусыз адамға оқ атып, оны құрбан еткен полицейлерге қатысты істі әділет министрлігі тергеуін талап етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1948899-dukende-qylmyskerge-oq-atqan-policeiler-14-zasar-qyzdy-zaralady/

jitsu gif