Алтын кен орындарының тоналуы: Ақмола облысында қылмыстық топтың ісі бойынша тінту жүргізілді

Опубликовано:

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: YouTube/Ақмола облыстық ПД

Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың құрылуы мен оған басшылық ету дерегі бойынша қылмыстық істі қарау аясында бірқатар қосымша іс-шаралар атқарылды. Бұл шаралар шеңберінде Бестөбе ауылында құрамында алтыны бар материалдарды қайта өңдеу цехы жойылды, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін құқық қорғаушылар құрамында алтыны бар материалды заңсыз алу, қайта өңдеу және сатумен айналысқан қылмыстық ұйымның қызметін тоқтатқан болатын. ҚР ҚК 262-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

22 желтоқсан күні ІІМ мен Ақмола облысы ПД қызметкерлері Степногорск, Ақсу, Бестөбе және Изобильный деп аталатын 4 елдімекенде 12 тінту жұмысын жүзеге асырған еді. Аталған іс-шаралар барысында Бестөбе ауылында құрамында алтыны бар материалдарды қайта өңдеу жөніндегі шағын цех жойылды. Жедел әрекет ету қызметкерлері құрамында алтыны бар материалдың 1,5 тоннасын, 3 ұнтақтағыш құрылғы, 3 жуу үстелін, кварц кенін електен өткізетін құрылғы, электронды таразылар, суық қарудың 3 түрін, құрамында алтыны бар металлдың 2 тасын, 80 гр алтын құм, майдагерлік өнімге жататын алтын бұйым, 16-калибрлі 8 аңшылық патрон, сейф, ноутбук, мобильді құрылғылар мен флеш-карталар, сонымен бірге күдіктілердің біріне тиесілі жоғары санаттағы автомобиль тәркілеген.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 295-бабы бойынша (бағалы металлдар мен тастардың, құрамында бағалы металлдары бар шикізаттық тауарлардың заңсыз айналымы) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

Еске салсақ, биылғы жылдың көктемінде Ақмола облысының 30 тұрғыны ұсталып, оларға алтын кен орындарын талан-таражға салды деген айып тағылған еді. Қамауға Степногорск, Ақсу, Бестөбе мен Жолымбет ауылының тұрғындары алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949269-altyn-ken-oryndarynyn-tonaluy-aqmola-oblysynda-qylmystyq-toptyn-isi-boiynsa-tintu-zurgizildi/

jitsu gif