Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында көлік бөлшектерін сататын базардан өрт шықты (фото)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Түркістан облысы ПД

Түркістан облысында көлік бөлшектерін сататын базар өртенді. Өртті сөндіруге полицейлер қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы сәрсенбіде Жетісай аудандық полиция бөліміне Жетісай аудандық өрт сөндіру бөлімінен қаладағы автокөлік бөлшектерін сататын базардан өрт шыққаны жайлы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау, қараусыз қалған автобөлшектер мен басқа да заттардың ұрланбауының алдын алу мақсатында, Жетісай АПБ-ның басшы құрамы мен жеке құрам қызметкерлері жұмылдырылды.

Тәртіп сақшылары өрт кезінде жедел қимылдап, өрт болып жатқан аумақты қоршауға алып, базардағы сатушылар мен сол аумақта жақын жүрген адамдарды дереу қауіпсіз жерге көшіруге кірісті.

Оқиға орын алған жерде өрттен зардап шеккендер жоқ.

Тексеру кезінде аталған базардағы 21 азаматқа тиесілі сауда орындары жанғаны анықталды.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Аталған оқиға Жетісай АПБ-нің CДТБТ-не тіркеліп, қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігі "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949534-turkistan-oblysynda-kolik-bolsekterin-satatyn-bazardan-ort-syqty-foto/

pixel