Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшысы әріптесін қағып кетті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында 2 қаңтарда жол апаты болып, полиция қызметкері әріптесін қағып кетті. Бұл туралы Arnapress.kz басылымына өңірдегі полиция департаменті хабарлады.

Жол апаты Семей-Өскемен тас жолының 25-шақырымында болған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Семейден келе жатқан Lada-2170 көлігінің жүргізушісі жолда тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

"Жол-көлік оқиғасының екі қатысушысы да - полиция қызметкері. Олардың бір мезетте оқиға орнында болуы бір-бірімен байланысты емес, екеуі де үйлеріне бара жатқан... Жол апатын жасаған жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, ол мас болмаған", - деп хабарлайды полициядан.

Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949647-sygys-qazaqstan-oblysynda-tartip-saqsysy-ariptesin-qagyp-ketti/

pixel