Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Өртеніп жатқан полиция көлігі видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

өртеніп жатқан көлік11
Өртеніп жатқан полиция көлігі. Видеодан кадр: NUR.KZ

Алматы көшелерінде орын алған тәртіпсіздік кезінде бірнеше көлікті өртеп жіберген. Оның ішінде полиция көлігі де бар. Бұл сәтті куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға қалалық әкімдіктен жоғары орналасқан көшелердің бірінде болған. Кадрдан отқа оранған патрульдік полиция көлігін және тағы да бірнеше көлікті байқауға болады.

Одан бөлек, кадрдан қалқан ұстаған адамды (болжам бойынша полиция қызметкері) оқиға орнынан өтіп бара жатқан куәгерлерді көруге болады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Айта кетейік, Алматыдағы наразылық шерулер жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты.

Осыған байланысты қалада төтенше жағдай жарияланып, комменданттық сағат енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949770-almatydagy-tartipsizdikter-ortenip-zatqan-polciya-koligi-videoga-tusip-qaldy/

pixel