Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдегі тәртіпсіздіктер: 8 полицей мен Ұлттық ұланның сарбазы қаза тапты

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық Ұланның сарбазы мен сегіз полицей қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Одан бөлек, күш құрылымдарының 317 қызметкері зардап шеккен.

Айта кетейік, ішкі істер министрлігі 5 қаңтар күні таңертең Қазақстандағы тәртіпсіздіктер салдарынан 95 полицей зардап шеккенін хабарлады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына тағы да үндеу жолдады.

"Менің осыған дейін жасаған бірнеше үндеуіме қарамастан өздерін «ереуілшілер» деп атайтын адамдар тобы қасақана түрде жағдайды ушықтырып отыр. Еліміздің тең жартысына жуығында қақтығыстар орын алуда. Әсіресе, Алматыдағы ахуал өте күрделі", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949946-eldegi-tartipsizdikter-8-policei-men-ulttyq-ulannyn-sarbazy-qaza-tapty/

pixel