Алматыдағы тәртіпсіздіктерден екі бала қайтыс болды
Опубликовано:
Алматыдағы тәртіпсіздіктерден 4 жасар қыз бала мен 11 жасар жеткіншек қайтыс болды. Тағы екі бала жарақат алды. Балалар омбудсмені Аружан Саин бұл ақпаратты растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"7 қаңтар 19.00-де Сейфуллин мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында апалы-сіңлілі қыз балалар отырған көлік оққа ұшырады. 4 жасар кішкентай қыз оқиға орнында көз жұмды. Оның 15 жастағы әпкесі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қыз балаға ота жасалды, ол жансақтау бөлімінде", - деп хабарлайды Саин.
Ол, сондай-ақ 7 қаңтар күні Алматыда 8 жасар қыз бала оқ жарақатын алғанын хабарлады. Дәрігерлер оны құтқарып қалған.
Бұған дейін Саин 11 жасар жеткіншек 5 қаңтар күні ата-анасымен серуендеп жүрген сәтінде оқ жарақатын алып, қайтыс болғанын хабарлаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1949967-almatydagy-tartipsizdikterden-eki-bala-qaitys-boldy/