Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бұзақылар 100-ден астам дүкен мен банкті тонап кеткен

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Еліміздегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бұзақылар жүздеген сауда нысаны мен банкті тонап кеткен. Бұл туралы ішкі істер министрінің қызметін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тұтас алғанда ел бойынша тәртіпсіздік кезінде 400 бірлік автокөлікке зақым келіп, жарамсыз күйге түскен. Олардың 346-сы ішкі істер органдарына тиесілі. Бұзақылар 100 ірі сауда нысаны мен банкті тонаған. Алдын ала дерек бойынша, шығын көлемі 87 млрд теңгеден асады", - деді ІІМ басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін ІІМ Қазақстандағы тәртіпсіздік оқиғаларының хронологиясын назарға ұсынған болатын. Елдегі алғашқы толқу Маңғыстау облысында орын алып, жаппай митингтер Қазақстанның өзге де ірі қалаларында жалғасын тапты. Тәртіпсіздікке ұласқан бұл оқиғалар нәтижесінде, 16 полицей мен әскери қаза тапты. Одан бөлек, құқық қорғау органдарының 1300 қызметкері жарақат алған.

Лаңкестер полицейлерді соққыға жығып, олардың қызметтік формасын тартып алуға дейін барған. Кейбірі тіпті олардың киімін киіп, өздерінің қылмыстық әрекеттерін жалғастырған. Осылайша бұзақылар қарапайым тұрғындардың құқық қорғау органдарына деген сеніміне селкеу түсірмек болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950064-qazaqstanda-buzaqylar-100-den-astam-duken-men-bankti-tonap-ketken/

pixel