Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда медицина қызметкерлеріне 12 рет шабуыл жасалған

Опубликовано:

жедел жәрдем11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 рет шабуыл жасалған және медициналық 3 көлікті басып алу фактісі тіркелген. Бұл туралы қала тіршілігін қамтамасыз ету штабы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қалалық штабтың мәліметінше, жедел жәрдем тек тәртіпсіздіктерге байланысты шақыртуларға ғана емес, басқа да шұғыл шақыртуларға барған.

"Жедел медициналық көмек қызметіне 12 рет шабуыл жасалып, ЖМКҚ 5 қызметкері - 2 жүргізуші мен 3 фельдшер жарақат алды. Тәртіпсіздіктер кезінде жедел жәрдемнің 32 автокөлігіне зақым келді, 4 көлік жарамсыз күйде", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, қалалық штаб үш жедел жәрдем көлігін басып алғанын мәлім етті. Олармен денелерді тасымалдап, адамдарды заңсыз митингтерге жеткізіп отырған. Қазір ол көліктер медициналық мекемелерге қайтарылған.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгінгі күні шаһар азық-түлік тауарларымен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілгенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950248-almatyda-medicina-qyzmetkerlerine-12-ret-sabuyl-zasalgan/

pixel