jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов қайтыс болды

    Фото
    Жанат Сүлейменов. Фото: ОКҚ

    Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов қайтыс болды. Ақпаратты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Генералдың неден көз жұмғаны белгісіз, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының көз жұмғанын растаймыз. Мән-жай анықталып жатыр", - деп хабардар етті ведомствоның баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, Жанат Қуанышұлы Сүлейменов 1962 жылы 22 шілдеде Қарағанды облысы Нұра ауданы Кен-Жарық ауылында дүниеге келген.

    Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылдан бастаған.

    Сүлейменов 2020 жылдың ақпан айында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған еді.

    Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.