Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК полковнигі өлі күйінде табылды

Опубликовано:

полиция көлігі11
Көрнекі фото: pixabay.com

2022 жылдың 10 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғылықты мекенжайындағы ауладан ҰҚК-нің полковнигі Азамат Ибраевтың денесі табылды, деп хабарлады ҰҚК ресми сайтында.

"Аталмыш факті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Есіл аудандық полиция бөлімінде 2022 жылдың 10 қаңтарында тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген комитеттің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменовтің қайтыс болғаны хабарланған еді.

Генералдың неден көз жұмғаны белгісіз. Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, мән-жай анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950271-uqk-polkovnigi-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel