Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан қашып кетпекші болған тонаушылар тобы қолға түсті

Жарияланған күні:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владмир Третьяков

Оңтүстік астанадан қашпақ болған тонаушылар тобы ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

"Медеу аудандық полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының бес тумасын ұстады. Олардан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақтар табылды. Қолға түскендер бұл заттарды тонау жолымен алғанын мойындады.

Сондай-ақ, ұсталғандардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдері, оқ өтпейтін киім мен қалқандары тәркіленді", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 272 бабы ("Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу") және 188 бабы ("Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша") сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс сотқа жіберілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950519-almatydan-qasyp-ketpeksi-bolgan-tonausylar-toby-qolga-tusti/