Жаппай тәртіпсіздікте қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің отбасына баспана беріледі

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің отбасына баспана беріледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Ақорда.

"Қаза болған тәртіп сақшыларының, әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтардың отбасына көмек көрсету – біздің қасиетті борышымыз. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда болады. Тұрғын үймен, оқумен және басқа да қажетті нәрсемен қамтамасыз етеміз", - деді президент.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзім ішінде қираған дүние-мүлікті қалпына келтіру керектігін жеткізді.    

"Толығымен қалыпты өмірге ораламыз. Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау маңызды. 

Үкімет комиссиясы өз жұмысын бастап кетті. Ол азаматтар мен бизнеске қолдау көрсетеді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950555-zappai-tartipsizdikte-qaza-tapqan-policeiler-men-askerilerdin-otbasyna-baspana-beriledi/

jitsu gif