Полиция Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан екі баланың өліміне қатысты дерек ұсынды

Опубликовано:

1
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы полициясы қаладағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан екі баланың өліміне қатысты мән-жайды баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің тәртіпсіздік кезінде екі бала мерт болғанын, тағы екі бала жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол осыған дейін балалар омбудсмені Аружан Саин хабарлаған 4 жасар қыздың өліміне қатысты мән-жайды айтты.

"Қала тұрғыны тәртіпсіздік өршіп тұрғанда үш баласымен қалаға шыққан. Олардың көлігін қылмыскерлер атқан. Салдарынан екі баласы жансақтау бөліміне түсті. Ал төрт жасар қыз, өкінішке қарай, қаза тапты",- деді Әзірбек.

Екінші -11 жастағы баланың өлімі.

"Анасының сөзінше, олар түнгі сағат 11- де дүкенге нан алуға шыққан. Бұл Өтеген батыр көшесінің бойындағы тәртіпсіздік ошағының маңында болған. Өкінішке қарай, балаға оқ тиіп қаза тапты",- деді ПД ресми өкілі.

Ол балалардың өлімін Алматы полиция департаменті тергеу басқармасы тергеп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950855-policiya-almatydagy-tartipsizdik-kezinde-qaza-tapqan-eki-balanyn-olimine-qatysty-derek-usyndy/

jitsu gif