Қазақстанның 2 мегаполисі мен 12 облысында террористік қауіптің "қызыл" деңгейі алынды

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздің 2 мегаполисі мен 12 облысында жағдай тұрақталып, осыған байланысты антитеррористік операциялар аяқталды. Сондай-ақ, аталмыш өңірлерде террористік қауіптің шекті "қызыл" деңгейі жойылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, антитеррористік операция төменде көрсетілген облыстар мен екі қалада аяқталған:

  • Нұр-Сұлтан қаласы;
  • Шымкент қаласы;
  • Ақмола облысы;
  • Ақтөбе облысы;
  • Атырау облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қызылорда облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Маңғыстау облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы;
  • Түркістан облысы.

"Бұл ретте, Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылуда.

Тиісінше аталған өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғасып, террористік қауіптіліктің шекті "қызыл" деңгейі сақталуда", - деп атап өтті ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950910-14-onirde-terroristik-qauiptin-qyzyl-dengeii-zoiyldy/