Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада террористік қауіптің "қызғылт сары" деңгейі енгізілді

Опубликовано:

Астана
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан аумағында террористік қауіптің "қызғылт сары" (жоғары) деңгейін енгізу туралы шешім қабылданды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 "Терроризм актісі қаупінің туындауы туралы ақпарат мониторингі мен халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" жарлығының талаптарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап 14 күндік мерзімге террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейін белгіледі", - делінген хабарламада.

Штаб өкілдері құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністік танытып, олардың заңды талаптарын сақтауды сұрап отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде төтенше жағдай режимін алу туралы жарлыққа қол қойды.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласын қоса алғанда, 14 өңірде террористік қауіптің "қызыл" деңгейі алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951055-elordada-terroristik-qauiptin-qyzgylt-sary-dengeii-engizildi/

pixel