Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арасында снайпер де болды": Алматыдағы полиция ғимаратына 27 рет шабуыл жасалған

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздік кезіндегі полиция
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

ОҚК-нің онлайн-жиынында сөз сөйлеген Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы тәртіпсіздік кезінде содырлар полиция ғимаратына 27 рет шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні лаңкестер Алматыдағы аудандық полиция ғимараттарына шабуыл жасады. Содырлар жан-жақтан қарулы шабуыл жасап, басып алуға әрекеттенген. Мен өзім департаментте болдым. Әскери қарудың ұрланбауын және ғимаратты басып алмауын болдырмау мақсатында лаңкестерге оқ атылды.

Ғимаратты басып алу үшін 27 рет шабуыл жасалды. Қылмыскерлер "Джип" пен "Камаз" сынды техникаларды қолданды. Шабуылды соғыс тактикасын жақсы білетін, өлілер мен жаралыларды қалдырмай алып кететін, кәсіби дайындалған адамдар жасады. Түнде олар осал жерлерді іздеді, шабуыл таңертеңге дейін жалғасты.

Лаңкестер арасында полиция департаментінің жанындағы көпқабатты үйдің төбесінен оқ атқан снапейрлер де болды. Бұл кезде департаментті күшейтілген полиция жасағы қорғады. Олардың батылдығы мен ерлігі арқасында ғимарат басып алынбады", - деді Таймерденов.

Сондай-ақ, ПД басшысы тәртіпсіздік кезінде Алматыда 160 адам көз жұмғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951414-arasynda-snaiper-de-boldy-almatydagy-policiya-gimaratyna-27-ret-sabuyl-zasalgan/

pixel