"Режиссер көз жұмды": Таймерденов қарулы қылмыскерлер бейбіт тұрғындарды өлтіргенін мәлімдеді

Опубликовано:

Алматы
Алматы, 6 қаңтар. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов ОҚК-нің онлайн-жиыны барысында тәртіпсіздік салдарынан болған қайғылы жағдайларға тоқталды. Айтуынша, қаладағы тәртіпсіздік кезінде қарулы қылмыскерлер бейбіт тұрғындарды өлтірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қарулы қылмыскерлер бейберекет оқ жаудырып, көшеде кетіп бара жатқан адамдар мен дүкен сатып алушыларын және көлікті беруден бас тартқан адамдарды өлтірді.

Осындай жағдайда 6 қаңтар күні режиссер Серік Битанов көз жұмды. Сондай-ақ, олар қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне шабуыл жасап, "Алматы" арнасының қызметкері көз жұмды. Тағы үш адам, оның ішінде, әкімдіктің екі қызметкері жараланды.

Содырлар әскери қызметкерлерді мазақтап, киімін тартып алып, ұрып-соқты. Қару қолданды. Полицейлер мен күштік құрылым мүшелерін алдау мақсатында әскери киім киіп алған. Бүлікшілер қала аймағындағы 493 бейнебақылау камерасын істен шығарды", - деді Таймерденов.

Сонымен қатар, полиция департаментінің басшысы қаладағы тәртіпсіздік кезінде 160 адам көз жұмғанын және Алматыдағы полиция департаментінің ғимаратын басып алу үшін 27 рет шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951415-rezisser-koz-zumdy-taimerdenov-qaruly-qylmyskerler-beibit-turgyndardy-oltirgenin-malimdedi/

jitsu gif