Шымкентте жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 18 адамның денесі мәйітханаға жеткізілді

Опубликовано:

Мәйітхана
Көрнекі фото: svidok.info

Күні кеше Орталық коммуникация қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздіктен қаза тапқандар жайлы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сана Сезім " әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы" ҚБ директоры, ұлттық алдын алу тетігі бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшесі Шахноза Хасанова Шымкент мәйітханасына жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 18 адамның денесі келіп түскенін айтты.

"4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы 15 қылмыстық іс қозғалды. 52 қызметкерден тұратын ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Шымкент мәйітханасына жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 18 адамның мәйіті келіп түсті. Олар жерлеу үшін туыстарына берілді",- деді спикер.

Шахноза Хасанованың сөзінше, ресми мәліметтерге сәйкес, ішкі істер органдарына 3256 адам жеткізілген, оның ішінде 498- і әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951618-symkentte-zappai-tartipsizdikke-qatysqan-18-adamnyn-denesi-maiitxanaga-zetkizildi/

jitsu gif