Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алған тағы екі адам көз жұмды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте елдегі тәртіпсіздік кезінде қанша адамның зардап шеккенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ажар Ғиният Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері 2739 адам медициналық көмекке жүгінгенін сөз етті.

"Стационарлық емді 200 адам алуда. Жансақтау бөлімінде 14 науқас ауыр халде жатыр, оның 4-еуі Алматыда, 1-еуі Алматы облысында, 5-еуі Қызылорда облысында", - деп толықтырды министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, медициналық ұйымдарда 177 науқас қайтыс болған.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура 225 адамның 175-і медициналық ұйымдарда қайтыс болғанын хабарлаған еді. Яғни, қаза тапқандардың саны тағы екі адамға өсті.

"Екі науқас жансақтау бөлімінде жатты. Бірақ соңғы үш күнде олардың жағдайы нашарлап, көз жұмды. Бізде бір жүкті әйелдің митинг кезінде зардап шеккені, Талғар ауруханасына түскені туралы деректер бар. Қазір оның жағдайы тұрақты. Дәрігерлер оны құтқарған", - деп сөзін қорытындылады Ажар Ғиният.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951804-elimizdegi-tartipsizdikter-kezinde-zaraqat-algan-tagy-eki-adam-koz-zumdy/

pixel