Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде тонаумен айналысты деп ұсталған күдіктіден қару-жарақ арсеналы табылды

Опубликовано:

Алматы
Фото: Polisia.kz

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде тонаумен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды. Одан тұрмыстық заттар мен қару-жарақ арсеналы тәркіленген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері үйді аралау барысында 42 жастағы азаматты ұстағанын хабарлады.

”Самғау” шағын ауданындағы тұрғын үйді тексеру кезінде Volkswagen автокөлігінен ұрланған тауарлар табылған.

"МЦ 106, К-12 маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 5 қалта пневматикалық патрондар; 5 оптикалық көздеуіш, бір оқ өткізбейтін киім; сапер күрегі мен 6 әскери шалбар белбеуі – қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасау кезінде ұрланған. Құрылыс маркетіне шабуылдаған кезде ер адам 3 шөп шабатын құрал, сорғылар, құрылыс кептіргіші, май батареялары және басқа да құрылыс жабдықтарын қолды қылған", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Алмалы және Әуезов аудандарының полиция басқармаларында сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951807-almatydagy-tartipsizdik-kezinde-tonaumen-ainalysty-dep-ustalgan-kudiktiden-qaru-zaraq-arsenaly-tabyldy/

pixel