Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы 12 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

Опубликовано:

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус пен инфекция белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады.

Деректерге сүйенсек, 18 қаңтар күні Қазақстан аумағында сегіз адам - коронавирустан, тағы төрт сырқат - пневмониядан көз жұмған.

Айта кетейік, елімізде эпидемиологиялық ахуал күн сайын ушығуда. Өткен тәулікте республика аумағында 16 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 5050,

Алматы қаласы - 2025,

Шымкент қаласы - 420,

Ақмола облысы - 750,

Ақтөбе облысы - 459,

Алматы облысы - 432,

Атырау облысы - 568,

Шығыс Қазақстан облысы - 542,

Жамбыл облысы - 257,

Батыс Қазақстан облысы - 376,

Қарағанды облысы - 2944,

Қостанай облысы - 402,

Қызылорда облысы - 399,

Маңғыстау облысы - 250,

Павлодар облысы - 710,

Солтүстік Қазақстан облысы - 155,

Түркістан облысы - 133.

Осылайша, жалпы ел бойынша C0VID-19 жұқтырғандардың саны 1 100 876-ға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952065-qazaqstanda-bir-taulikte-12-adam-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-koz-zumdy/

pixel