Көкшетау тұрғыны қызды бопсалап, жезөкше болуға мәжбүрлеген

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: 056.ua

Көкшетау тұрғыны танысын жезөкшелікпен айналысуға итермелеген. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

17 қаңтарда жедел уәкілдер 28 жастағы танысын тәуелді жағдайды пайдаланып бопсалау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткен Көкшетау тұрғынын анықтады.

46 жастағы әйел жәбірленушінің деректерін интернет-сайттарда жыныстық қызмет көрсету туралы хабарландырумен бірге орналастырған.

Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 308-бабының 1-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты келіп тұру туралы міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952424-koksetau-turgyny-qyzdy-bopsalap-zezokse-boluga-mazburlegen/

jitsu gif