Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қимастық бар": Боксшы Мұхтархан Ділдәбековтің әкесі 97 жасында көз жұмды

Опубликовано:

боксшы Мұхтархан Ділдәбеков
фото: kfb.kz

Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің әкесі Қобыланбек қажы 97 жасында көз жұмды. Бұл туралы бұрынғы спортшы өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Құрметті достар, ағайын, әріптестер!

Қобланбек қажы әкемнің қайтуына байланысты біздің отбасымызға көңілдеріңізді білдіріп, жұбатып жатқандарыңызға алғысым шексіз!

Қазақта бұндай қазаны той дейді ғой, бірақ, әке болған соң, әрине, қимастық бар. Әкем Аллаға шүкір жақсы жасады, қуанышты да, қиындықты да еңсерді, анамыз екеуі 11 бала-шағасына дұрыс тәлім-тәрбие берді, оқытты, жеткізді... Жатқан жері жайлы, иманы саламат, арты қайырлы болғай.

97 жас сіздерге де жұғысты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", - деп жазды боксшы.

Естеріңізге салсақ, Мұхтархан Ділдәбеков бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. 1998 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 1999 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952425-qimastyq-bar-bokssy-muxtarxan-dildabekovtin-akesi-97-zasynda-koz-zumdy/

pixel