Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда емханада лифт құлап, бір адам қаза тапты

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pexels.com

Қарағандыдағы жекеменшік емханалардың бірінде лифт құлап, бір адам қаза тапты. Тағы бір адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, қайғылы жағдай 19 қаңтар күні болған.

"12:30 шамасында Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың жедел жәрдем бөліміне зардап шегуші екі адам жеткізілді. 1948 жылы туған ер адам мен 1997 жылы туған әйел. Екі науқас жансақтау бөліміне жатқызылды", - делінген департамент хабарламасында.

Ауыр жарақат алған ер адамға шұғыл түрде операция жасалғанымен, қолданылған шараларға қарамастан қайтыс болған.

"Қазір осы оқиғадан зардап шеккен әйелдің денсаулығы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Науқасқа қажетті ем жасалуда", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Ал облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952466-qaragandyda-emxanada-lift-qulap-bir-adam-qaza-tapty/

pixel