Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда тоғыз жасар бала ұшты-күйлі жоғалып кетті

Опубликовано:

Жоғалған бала
Фото: azh.kz

Атырауда полицейлер, құтқарушылар мен тұрғындар 9 жасар баланы іздеуге кірісіп жатыр. Ол 22 қаңтар күні көшеге ойнауға шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Бала кеше, 22 қаңтар күні сағат 3-те Балықшы ықшамауданында інісімен бірге көшеге шыққан. Сағат алты шамасында інісі үйге келіп, ата-анасына ағасы ары қарай кетіп қалғанын айтқан.

Бастапқыда ата-анасы баланы өз еркімен тапқысы келген, ал бір жарым сағаттан кейін полицияға жүгінген.

Баланың аты-жөні Еппили Сайали Ананд Раон. Ол қара-сұр түсті күрте мен көк бас киімде болған. Бүгін таңертең оны іздеу жұмыстарына құтқарушылар қосылды. Олар ықшамауданды тексеріп жатыр. Одан бөлек, Перетаска каналына сүңгуірлер түсуде.

"Іздеу жұмыстарына Атырау облыстық ТЖД 17 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды",- деп хабарлайды ТЖ жөніндегі департамент.

Баланы іздеу жұмыстарына ықшамауданның тұрғындары, бала оқитын мектеп мұғалімдері қосылды.

Оның мекенжайынан хабардар адамдар болса, анасына (+7 778 586 1956) немесе полицияға 102 нөмірі бойынша хабарласа алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952529-atyrauda-alty-zasar-bala-usty-kuili-zogalyp-ketti/

pixel