Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған ер адам қашып кетті

Опубликовано:

Ақтөбе
Күдікті. Фото: instagram.com/aktobe_zello

Әлеуметтік желіде Ақтөбеде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған ер адамның қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

"23 қаңтар күні сағат 6:00-де 01.01.1973 жылы туған Мұрат Айтқалиев қамаудан қашып кетті. Ол аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Ер адам тергеу изоляторынан медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген. Сол жерден қашып кетті. Оның сырт киімі болмады", - деп жазылған Instagram әлеуметтік желісіндегі aktobe_zello парақшасында.

Sputnik Қазақстан басылымына Ақтөбе облыстық полиция департаметі бұл ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, ер адам әлі ұсталмаған.

Оның қандай қылмас бойынша күдікке ілінгені, қалай қашып кеткені туралы ақпарат берілген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952618-aqtobede-asa-auyr-qylmys-zasady-degen-kudikpen-ustalgan-er-adam-qasyp-ketti/

pixel