Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есікті әдейі ашық қалдырған": 14 жасар қыз сүйіктісіне өз отбасын қырып салуға жол берген

Жарияланған күні:

Омбы облысы
Фото: ren.tv

Ресейлік полицейлер Омбы облысында болған ауыр қылмысқа қатысты тергеу жүргізуде. РЕН ТВ телеарнасының хабарлауынша, Юрьевка ауылында тұратын бойжеткен жігітіне өз анасы мен өгей әкесін және 10 жастағы сіңлісін аяусыз өлтіруге жол берген.

Бастапқыда отбасы мүшелері белгісіз қарақшылардың қолынан қаза табуы мүмкін деген тергеу нұсқасы айтылған. Оған 14 жастағы қыздың тергеу кезіндегі бірінші жауабы негіз болған.

Алайда кейінірек жалған жауапты анықтайтын детектор сынағы арқылы қылмыс орнында ешқандай да қарақшылар болмағаны және қырғынды Аннаның өзі және оның сүйіктісі Александр С. ұйымдастырғаны белгілі болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Александрдың жасы Аннадан әлдейқайда үлкен, бойжеткеннің анасы мен өгей әкесі ол жігітті ұнатпаған. Бүкіл елді дүр сілкіндірген қылмысқа осы жайт та себеп болуы мүмкін.

Анна Александрға өгей әкесінің тиісіп жүргенін айтқан. Осыдан соң ғашықтар кек алмақшы болып, қыздың анасы мен өгей әкесін өлтіруді ойластырады. Анна түнде есікті әдейі ашық қалдырып, жігіті үйге қолына пышақ алып кірген.

Александр бірден қыздың анасына пышақ сұғып, әйелді бауыздап тастаған. Содан соң жатын бөлмеде ұйықтап жатқан Аннаның өгей әкесін өлтірген.

Бастапқыда екеуі балаларға - Аннаның 10 жастағы сіңлісі мен 6 жастағы інісіне тиіспейміз деп келіседі. Алайда 10 жастағы ДЦП дертімен ауыратын қыз ата-анасының қан-жоса болғанын көріп, айқайлай бастаған соң оны да өлтірген.

Аннаның аман қалған інісі кейін тергеушілерге ата-анасын өлтірген кезде әпкесі не болып жатқанын көрсетпеу үшін оның көзі мен құлағын жауып тұрғанын айтқан. Дегенмен 6 жастағы бала бәрін сезіп, естіген.

Ұсталғандардың өздері тергеуге берген жауаптарында алдымен белгісіз қарақшыларды айыптаған. Алайда полиграф арқылы жүргізілген айғақтар Аннаны қылмысын мойындауға мәжбүр етті.

Омбы облыстық тергеу басқармасының баспасөз қызметі күдіктінің полицейлерді адастыруға әрекеттеніп, өзі ойдан шығарған "қылмыскердің" фотороботын жасау үшін жалған ақпарат бергенін атап өтті.

Тәртіп сақшылары бүкіл ауылды аралап, жергілікті тұрғындардан Аннаның берген жауабындағы "сақалды адам" туралы сұрастырған. Алайда оқиға орнында тергеушілер мен сот-медициналық сарапшылардың жұмысынан соң ауылда сақалды қарақшылардың болмағаны анықталған.

Жауап алу кезінде Аннаның жігіті қыздың ата-анасын қалай өлтіргенін егжей-тегжейлі айтып берді. Ол кісі өлтірген қаруы мен олардың қанды киімдерін қайда тастағанын да көрсетті.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952622-esikti-adeii-asyq-qaldyrgan-14-zasar-qyz-suiiktisine-oz-otbasyn-qyryp-saluga-zol-bergen/