Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында Lexus көлігі көпірден құлап, бір адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Көпірден құлаған көлік
Скриншот: Әлеуметтік желідегі видео

Алматы облысында Lexus көлігі Лепсі өзені арқылы өтетін көпірден құлап кетті. Көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аймақтық полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы көрсетілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Видеодан Lexus көлігіне айтарлықтай техникалық зақым келгенін байқауға болады. Видео авторларының сөзіне сенсек, жол апаты Сарқан және Алакөл аудандарының шекарасында болған.

Алматы облыстық полиция департаменті жол апаты 23 қаңтарда Алматы-Өскемен тас жолының 466 шақырымында болғанын хабарлады.

"Жол апаты Сарқан ауданында болды. Lexus 570 көлігінің 43 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тас жолымен солтүстік бағытқа қарай 466 шақырымында рульді басқара алмай, Лепсі өзені арқылы өтетін көпірден аударылып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жол талғамайтын көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Дерек бойынша сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖЖЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952642-almaty-oblysynda-lexus-koligi-kopirden-qulap-bir-adam-qaza-tapty-video/

pixel