Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда оқушылар көпқабатты үйдің терезесінен оқ атып, өзге біреудің терезесін бүлдірген

Опубликовано:

Терезе
Фото: Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі

Павлодарда бір үйге жиналған мектеп оқушылары жасөспірімдердің бірі алып келген тапаншаға ұқсас затты тексергісі келген. Осылайша, олар көпқабатты үйдің терезесінен атып көрген. Салдарынан 34 жастағы ер адамның терезесі бүлініп, ол полицияға шағымданған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жайт туралы хабарлама полицияға 23 қаңтар күні кешкі алты шамасында түскен.

34 жастағы ер адам белгісіз біреулер Бұқар Жырау көшесінің бойындағы үйдің үшінші қабатынан оқ атқанын айтқан. Салдарынан оның балконының терезесі бүлінген.

Тәртіп сақшылары мұндай әрекетке барған адамдарды іздеуге бірден кіріскен. Ақырында олардың қаладағы бірнеше мектепте білім алатын оқушылар екені анықталған.

"Полицейлер Павлодардағы №6, 16, 24, 29 және 34 мектепте білім алатын 13-15 жастағы жеті баланы анықтады. Олар 23 қаңтарда сағат 15:30 шамасында компьютерлік ойын ойнау үшін достарының үйіне жиналған. Жасөспірімдердің бірі танысынан алған тапаншаға ұқсас затты алып келген. Қызық көрген жеткіншектер яғни бесеуі оның істеп тұрғанына көз жеткіу үшін балконға шығып, кезек-кезек атқан", - дейді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқ үйге қарама-қарсы пәтердің терезесіне тиген.

Құзырлы орган тапаншаға ұқсас зат тәркіленіп, сараптамаға жіберілгенін атап өтті. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция балалардың әрекетіне ата-анасы жауап беретінін айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952670-pavlodarda-oqusylar-kopqabatty-uidin-terezesinen-oq-atyp-ozge-bireudin-terezesin-buldirgen/

pixel