Қарағандыда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Опубликовано:

Күдікті
Фото: Polisia.kz

Қарағандыда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қаңтар күні Қарағанды қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына қаладағы жер үйлердің бірінде қарақшылық шабуыл болды деген ақпарат түсті.

Оқиға орнына біріккен жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлері беттеріне медициналық бетперде таққан екі азамат 46 жастағы жеке кәсіпкердің үйіне зат жеткізуші ретінде кіргенін анықтады.

Жәбірленушінің айтуынша, қаскөйлер қолдарындағы қарумен аспанға екі рет оқ атып, одан бағалы заттарын беруді талап еткен.

Жәбірленуші оларға қарсылық көрсеткенде күдіктілер оған пышақ жарақатын келтірген.

Ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Күдіктілер оқиға орнынан жалпы құны 2 340 000 теңге болатын алтын бұйымдар алып кеткен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабына "Қарақшылық" сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1952950-qaragandyda-kasipkerdin-uiine-qaraqsylyq-sabuyl-zasagandar-ustaldy/

jitsu gif