Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға жақын жерде жол апатын жасаған полицей оқиға орнынан қашып кетті

Опубликовано:

Трасса
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы-Талғар тас жолында Toyota Prado жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Honda Stream көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Honda Stream жүргізушісі мен жолаушысы Алматы облыстық ауруханасына жеткізілді. Алайда 20 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Toyota Prado жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен", - делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Ведомство жол талғамайтын көлікті ішкі істер органының қызметкері басқарғанын растады.

"Осы факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, облыстық полиция департаменті тәртіптік комиссиясының шешімімен қызметтік беделге нұқсан келтіргені үшін ішкі істер органдары қызметінен босатылды. Оқиғаны объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде", - депді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1953035-almatyga-zaqyn-zerde-zol-apatyn-zasagan-policei-oqiga-ornynan-qasyp-ketti/

pixel