Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оператор РОП" ЖШС басқарушы директоры қайтыс болды

Опубликовано:

Руслан Шәмшиев
Руслан Шәмшиев. Фото: recycle.kz

"Оператор РОП" ЖШС құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болды. Полиция оның неден көз жұмғанын анықтап жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамның денесі табылғаны туралы фактіні негізге ала отырып Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өз-өзіне қол салуға итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазіргі уақытта тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деді ПД баспасөз қызметінен.

Руслан Шәмшиев 2021 жылы "Оператор РОП" ЖШС-нің құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалған болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1953077-operator-rop-zss-basqarusy-direktory-qaitys-boldy/

pixel